Ауа райынан екі өңірдегі тағы 3 учаскеде жолдар жабылды

Фото: pixabay

Күн райының қолайсыздығына байланысты республикалық жолдардың тағы 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Кazinform бұл туралы QazAvtoJol компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысында

  1. «Екатеринбург – Алматы» күре жолының Атбасар қаласынан Астрахан ауылына дейінгі жол аралығы жабылды.
  2. «Көкшетау – Атбасар» тасжолының Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы жабық.

Батыс Қазақстан облысында

  1. «Чапаев – Казталовка» автожолында қозғалысқа тыйым салынды.

Айта кетейік, бүгін таңертең екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің 3 өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілген болатын.