Ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе, Қызылорда облыстарында жол жабылды
20:08, 18 Желтоқсан 2024
АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол Көлік қозғалысын шектеуге қатысты шұғыл ақпарат жариялады.
Ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақтөбе облысы:
- «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» автожолының 23-99 шақырым аралығындағы учаскесі («Экоойл» жанармай стансасы - РФ шекарасы); - «Самара-Шымкент» автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
Қызылорда облысы:
- «Самара-Шымкент» автожолының 1240-1357 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.).
Жолды 19 желтоқсан сағат 06:00-да ашу жоспарланған.
Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын жазған болатынбыз.