Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – 24 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожол учаскелерінде көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

24 наурыз күні сағат 19:40-та енгізілген шектеуге сәйкес, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы мына жолдар жабылды:

Ақмола облысында:
– «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 30-92 шақырымы (Жібек жолы төлем қабылдау пункті – Қарағанды облысының шекарасы).

Қарағанды облысында:
– «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92-164 шақырымы (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау төлем қабылдау пункті);
– «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автожолының 17-217 шақырымы (Қарағанды қаласы – Қарқаралы қаласы).

Сонымен қатар 24 наурыз сағат 20:00-ден бастап тағы бірқатар учаскеде қозғалыс тоқтатылды.

Қарағанды облысында:
– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 970-1135 шақырымы (Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы).

Павлодар облысында:
– «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1135-1206 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті кенті).

Алдын ала мәлімет бойынша, аталған жолдарды 25 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

Жол жағдайы туралы қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.

Айта кетейік, таңертең республика бойынша қай жолдар жабық екені хабарланған.