Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды

Фото: Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

2025 жылғы 17 ақпан сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық жолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:

Қостанай облысы:

«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 108-232 шақырым аралығы (Әулиекөл ауылы - Ақмола облысының шекарасы).

Ақмола облысы:

- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Сұрған ауылы);

- «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсай ауылы - Бұзылық ауылы);

- «Жезқазған-Петропавл» автожолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы - Сұрған ауылы).

Жолды 18 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Ауа райына байланысты үш облыста жол жабылғанын жазған болатынбыз.