- 2026 жылғы 7 қаңтар сағат 16:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолының 15-105 шақырымы аралығында (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 8 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында жолдар бойындағы қар көшкіні қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жолдағы қазіргі ахуалы туралы хабарлады.