Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысында жол жабылды
23:16, 07 Қаңтар 2025
АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылатынын хабарлады.
- 7 қаңтарда сағат 23:00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Екатеринбург-Алматы» 995-1188 ш, Атбасар қ. учаскесі - Ақмешіт ауылына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.
Жолды 8 қантар сағат 02:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Ауа райына байланысты тағы төрт облыста жол жабылғанын жазған болатынбыз.