Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше облыста жол жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлім етті.
Павлодар облысы:
Бүгін сағат 11:30-да республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар» 1135-1367 шақырым аралығында (Қарағанды обл.шекарасынаң- Атамекен ауылына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Қарағанды облысы:
Сағат 11:30-да республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар» 1066-1135 шақырым аралығында (Павлодар обл.шекарасынаң- Молодежный ауылына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Ұлытау облысы:
Бүгін сағат 13:00-ду республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл» 137-252 шақырым аралығында (Ұлытау ауылынаң - Қостанай обл.шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады
Жолды ашу 4 қаңтар сағат 07:00-ге жоспарланған.
Қостанай облысы:
Сағат 13:00-де республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл» 252-339 шақырым аралығында (Ұлытау обл.шекарасынаң - обл.шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды ашу 4 қаңтар сағат 07:00-ге жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысында жол қозғалысына шектеу қойылғаны туралы жазған болатынбыз.