Батыс, оңтүстік, және оңтүстік-шығыста күн жауын-шашынсыз болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Жамбыл, Қызылорда, облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан,
Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал.
Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық жүреді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
07:48, 17 Шілде 2016
АУА РАЙЫ: 17 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болып, жел күшейеді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми сайты.