Синоптиктерің болжауынша, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, тұман түседі. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
03:28, 02 Қаңтар 2019
Ауа райы: 2 қаңтарда тұман түсіп, қар жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.