«Алғаш екі күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі терең Атлант мұхиты аумағынан келетін циклонның ықпалында болады, соның әсерінен күн күркіреп, көп жауын-шашын түседі, екпінді жел күтіледі, республиканың оңтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал. Ал 9 сәуірде бұлттар тарап, жауын-шашын тыйылады және ауа температурасының төмендеуі мүмкін, бұл еуропалық антициклонге байланысты болады», делінген хабарламада.
12:04, 06 Сәуір 2020
Ауа райы: Алдағы үш күн жауын-шашынды болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 7-9 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.