Ауа райы: Алматы облысында ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының құбылуына байланысты Алматы облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

«16-17 сәуір күндері жаңбыр жауады деген болжамға байланысты Алматы облысындағы жекелеген өзендер тасып, беткейлік ағын пайда болуы мүмкін» делінген хабарламада.