ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 30-31 қазан және 1 қараша күндері өңірдің кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Оған қоса 1 қарашада желдің екпіні секундына 23 метрге жетуі мүмкін. Облыс орталығы Орал қаласында да осындай ауа райы орын алмақ.
Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады. Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу, өмірлік маңызы зор нысандар мен электр, байланыс желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).