29 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райын Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер анықтайды. Осыған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Тек батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста антициклон жоталары әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстік-батыста тұман түсуі мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Қостанай облысында тұман түсуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында тәулік бойы, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Күндіз Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында шаңды дауыл соғады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.