«Дүйсенбі күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -7;-9°C, күндіз 1; 3°C болуы ықтимал», - деп хабарлады astana.kz.
Сейсенбі күні елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -6;-7°C, күндіз 1; 3°C болады.
Сәрсенбі күні, синоптиктердің болжамынша, күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -5;-7°C, күндіз 0; 2°C шамасында болады.