АУА РАЙЫ: Бүгін ел аумағының басым бөлігінде жел соғады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болып, желдің күшеюі сақталады. Республиканың батысында тұман күтіледі. Тек республиканың батысында, оңтүстігінде және солтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл, түнде Оңтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында  күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады. Қызылорда, Қарағанды облыстарының  кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.