Ауа райы: Бүгін еліміздің басым аумағында қар жауады
Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталық пен солтүстік батыста тұрақты болады. Ақмола, Қостанай облыстарында бұрқасын болып, тұман түсіп, жел 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді.
Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді. Жамбыл облысында күндіз жел секундына 15-20 метр болады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында тұман түсіп, Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында түнде желдің күші 15-20 метр/секундқа күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының бірқатар аймақтарында бұрқасын болып, жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Айта кетейік, осыған дейін «Қазгидромет» синоптиктері 25 желтоқсан күні ауа температурасының күрт төмендейтіні туралы ескерту жариялады. Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында ауа температурасы 33-38 гардусқа дейін төмендеуі мүмкін. Бұған қоса, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында аяз 20-25 градусқа дейін төмендейді.