АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
07:29, 04 Сәуір 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің оңтүстік өңірлерінде атмосфераның фронтальді бөлімдерінің көшуіне байланысты кей жерлерде жауын жауып, жел күшейгенімен, қалған аймақтарда күн ашық болады, деп хабарлады «Қазгидромед».
Жамбыл облысының кей аумағында тұман түсіп, 15-20 м/с дейін жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумағында тұман түседі.