Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22, екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман болады.
Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, түнде көктайғақ болады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.