АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрады, кей жерлерде жауын-шашын түседі
02:45, 21 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан аумағының көптеген бөлігі арқылы атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын сақталады, жел күшейеді, тұман болады. Тек Республиканың батыс және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіліп, жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді.
Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде кей жерлерде, күндіз көп бөлігінде желдің күші 15-22 м/с-ға дейін жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіліп, жел 15-22 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақтөбе облысында жел соғады, күші 15-20 м/с.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің 16-21 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі, түнде кей жерлерде тұман болады.
Ақмола, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.