АУА РАЙЫ: Бүгін еліміздің басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Республиканың басым бөлігі арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың батысы жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауылмен қатар желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.