Ауа райы: Бүгін еліміздің кей облыстарында бұршақ жауады
05:28, 13 Тамыз 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 тамызда Қазақстанның кей жерлерінде найзағайлы жаңбыр жауып, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең кей жерлерінде тұман байқалады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман бақыланады, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола облысында кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөліктерінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.