Республиканың батысы мен оңтүстік аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз.
Ақмола облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ байқалады, Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Оңтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады.
Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, желдің күші 15-20 м/с-ға дейін жетеді.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 17-22 м/с болады, Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ болады.