Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Жамбыл, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақтөбе облысында түнде және тәңертең тұман болады.
Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.