Ауа райы: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға тамыздың 8-і күні оңтүстіктен құрғақ циклон келеді және ауа райына жоғары атмосфералык кысым әсер етеді. Соның салдарынан еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, республиканыңсолтүстігінде, солтүстік-батысыңда және орталығында Мурманск ауданынан келгенсолтүстік-батыс циклонының әсерінен кей жерлерде ғана жаңбыр жауып, найзағайболады.

Бірқатар аумақтарда жел күшейіп, дауыл соғып, шаңды дауыл көтеріліп,солтүстік өңірдің кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең кейжерлерге тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында түндежәне таңертең тұман түсіп, тағы бірқатар өңірлерінде күндіз дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секундына15-20 метрге жетеді. Бұршақ жаууы да мүмкін.

Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, күндіз ШығысҚазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпенеседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі.

Түркістан облысының бірқатар аумақтарында шаңды дауылтұрып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Екпіні 23м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында, Шығыс Қазақстаноблысының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі. Күндіз Алматы облысының кейжерлерінде өте қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағандыоблыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өртқауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар