Ауа райы: Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің аумақтарыннан фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республикада ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Бүгінреспубликаның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсызболады. Кей жерлерде жел күшейіп, дауыл тұрып, тұман түседі. Оңтүстік-шығысташаңды дауыл болады, бұршақ жаууы да мүмкін.

Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінденайзағай ойнап, жел 15-20 м/с-қа күшейеді,бұршақ жаууы мүмкін. Таңертең және күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде дауылсоғады.

Күндіз Ақмола, Павлодар, Қарағандаоблыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап,желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертеңҚостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аумақтарынданайзағай ойнап, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түндежәне күндіз тұман түсуі мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағайойнап, шаңды дауыл көтірілуі ықтимал. Жел 18-23 м/с жылдамдықпен еседі.

Түркістан облысының кей жерлерінде желдіңжылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді.

Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының кейжерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, ШығысҚазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт қауіпі сақталады.