Кәсіпорын таратқан мәліметтергеқарағанда, 10 тамыз күні елдің тек солтүстігі, шығысы, оңтүстік-шығысы менбатысы ғана Мәскеуден келетін циклонның ықпалындаболады. Соның салдарынан жауын жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және солтүстік-шығыста жел күшейіп,түнде тұман түсіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.
Алматы, Жамбыл,Түркістан, Шығыс Қазақстан, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанайоблыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге күшейеді.
Алматы, Түркістан,Қызылорда облыстарында шаңды дауыл соғады.
Солтүстік Қазақстаноблысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп,дауыл тұруы да мүмкін.
Павлодар облысының кейжерлерінде түнде тұман түседі.
Күндіз Алматы,Атырау облыстарында және Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
Қызылорда, Түркістан,Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде және Қарағанды, Ақтөбе, ШығысҚазақстан, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.