Ауа райы: Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүйсенбі, 19 тамызда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердіңболжауынша, дүйсенбі атмосфералық ағындар бөлігінің өтуіне байланысты еліміздіңсолтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік шығысының кей жерлерінде найзағайлы жаңбыржауады. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, дауылкүтіледі, республиканың солтүстігінің кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал,түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Ақмола облысыныңкей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл, бұршақжаууы мүмкін.

Алматы облысыныңкей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең – тұман.

Солтүстік Қазақстаноблысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан,күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/скүшейеді.

Қостанай, Қарағандыоблыстарының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда, күндізТүркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылордаоблысында – шаңды дауыл соғады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында,Қостанай облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағандыоблысының басым бөлігінде, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кейжерлерінде, Ақтөбе, Павлодар облыстарының оңтүстік бөлігінде өте жоғары өртқауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар