Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Түнде солтүстік аймақтардың жекелеген жерлерінде үсік күтіледі. Республиканың тек оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа рай жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 2-3 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-23 м/с болады.
Қарағанды облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай болады.