Сібір антициклоны Қазақстанның ауа райына әсер етті. Сондықтан, алдағы үш тәулікте республиканың басым облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық болады.
Алайда, тропосферада ауа ағыны батыс және оңтүстік-батыс бағытымен өтуіне байланысты, ауа температурасы климаттық қалыптылықтан 5-10 градусқа жылы болады, деп хабарлады «Қазгидрометтің» баспасөз қызметінен.
Қазақстанның батыс және солтүстік аудандары ғана жылы атмосфералық фронттардың ықпалында болып, кей жерлерде қар жауады, жел 15-20 м/с дейін жетіп, көктайғақ болады.