Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 20 тамызда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердіңболжауынша, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік,орталық, шығыс және оңтүстік шығыстың кей жерлерінде найзағайлы жаңбыр жауады.Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, республиканың солтүстігініңкей жерлерінде дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстаноблысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлердетұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлеріндетүнде және таңертең тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматыда, таңертеңжәне күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлеріңде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістанда, күндізҚызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауылкүтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан,Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлеріңде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан,Атырау, Ақтөбе облыстарында күндіз қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда,Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Жамбыл,Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде,Павлодар облысының оңтүстік шығысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.