31 наурыздан 6 сәуірге дейін Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күн жылы болып, қар мен мұздың еруіне және жаңбыр жаууына байланысты өзендердегі су деңгейі көтеріліп, тасқын болу қаупі артады.
2-6 сәуір күндері Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласында күн жылы болып, жаңбыр жаууына байланысты өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.
Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысында 31 наурыз күні қар мен жаңбыр жауып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Кейбір аудандарда боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Өскеменде 31 наурыз жауын-шашынды болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.