Осыған байланысты алдағы демалыс күндері Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысынан басқа аумақтарда күндізгі оң температураға қарамастан, қар, бұрқасын болады. Көріну 50-200 метрге дейін нашарлап, желдің екпіні 15-25 м/с жетеді.
Ал дүйсенбі күні - тропосфералық ағындар оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ауысып, Кольск түбегі ауданынан суық ауа Қазақстанның солтүстік жартысына жайыла бастайды.