Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауып, күн суытады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер Қазақстанда 6-8 қазан аралығындағы ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы өтетін салқын атмосфералық ағынның ықпалымен елдің басым бөлігінде жауын жауады. Республиканың оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Ал одан кейін келетін антициклонмен бірге күн салқындауы мүмкін», - делінген «ҚазАқпарат» РМК хабарламасында.