Ауа райы: Қазақстанның бес облысында ескерту жарияланды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бес облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Нұр-Сұлтан қаласында 10 қарашада көктайғақ, түнде және таңертең жаяу бұрқасын, күндіз тұман болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік шығысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15 м/с жетеді.

10 қарашада таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с болуы мүмкін.

10-12 қарашада Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

10 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, солтүстіктен, солтүстік-батыстан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ 10 қарашада Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан cоққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, оның күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Соңғы жаңалықтар