ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстанның екі облысында желдің күшейетіні жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 7 қазан күні оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Найзағай ойнап, тұман түсуі ықтимал.
Орал қаласында ертең күндіз желдің екпіні секундына 18 метрге жетуі мүмкін.
Сол секілді Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтау қаласында желдің екпіні – 18 м/с.
Осыған байланысты облыстық ТЖ департаменттері тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқандығын хабарлады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).