АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК оңтүстіктегі төрт облыста ауа райының күрт құбылатыны туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24-29 қаңтар аралығында Алматы, Жамбыл облыстарында, 26-29 қаңтар арасында Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында ауа температурасы төмендеп, түнде 15-20 градус аяз (кей жерлерде 25-30) түседі. Біртіндеп ол 20-25 градусқа дейін (кей жерлерде 30-35) жетуі мүмкін.
Дауыл тұру ықтималдылығы - 95 %.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.