АУА РАЙЫ: Қазақстанның үш облысында және Астанада ескерту жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«1 маусым күні түнде Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді, ал күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. 2 маусым күні де оңтүстік-батыстан тұрған желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, ал екпіні күндіз 23-28 м/с-қа жетеді. 2 маусымда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.

Астанада 1 маусымда күндіз, сондай-ақ 2 маусым күні оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа, екпіні 2 маусымда 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Сондай-ақ, 2 маусым күні күн күркіреп, күндіз дауыл тұруы мүмкін, бұршақ жаууы ықтимал.

1 маусым күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Жел алдымен оңтүстік-батыстан, кейін солтүстік батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

1 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде өңірдің басым бөлігінде секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 м/с-қа дейін, ал күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Жаңбыр жауады. Кей жерлерде күн күркірейді, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.