«Желдің, боранның күшеюіне байланысты білім беру ұйымдарының басшыларына сабақты қысқарту ұсынылады», - делінген Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі таратқан хабарламада.
«Қазгидрометтің» облыстық филиалы таяу күндері облыс тұрғындарына алыс жолдан бас тартуды ұсынады.
«18 ақпан күні түс күн аздап жылынғанымен, боран тоқтамайды. Облыс тұрғындарына алыс жолға шықпауға кеңес береміз», - деді «Қазгидрометтің» ауа райын болжау орталығының басшысы Ирина Желяева.