«Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік бидайдың өнімділігі негізінен орташа көп жылдық мәндерге жуық болады деп болжанады. Жамбыл облысының Рысқұлов, Шу және Сарысу аудандарында, сондай-ақ Түркістан облысының Сарыағаш ауданында күздік бидайдың өнімділігі орташа көпжылдық мәннен жоғары болмақ»,- делінген хабарламада.
11:19, 20 Маусым 2022
Ауа райы оңтүстікте астықтың бітік шығуына қолайлы болады - Қазгидромет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы метеорологиялық жағдайлар, биыл астықтың бітік шығуына қолайлы болды. Бұл туралы Қазгидрометтің болжамында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.