Ауа райы: Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарашаның 4-і күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің басым бөлігінде 4 қарашада жауын-шашын болып, тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашын болмайды.

Республиканың кейбір аймақтарында жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын болуы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады деген болжам бар, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.