Ауа райы: Сәрсенбіде еліміздің көп бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады және екпінді жел тұрады, орталықта және шығыста бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Солтүстікте, орталықта кей жерлерде тұман күтіледі. Қазақстанның батыс және оңтүстігінде әдеттегідейкүн райы ашық, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде дауыл соғады, жел секундына 15-20 метрге жетіп, 25 м/с дейін үдейді, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай, Алматы, Қызылорда, күндіз Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейіп, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.