Ауа райы: Сенбі күні еліміздің басым бөлігінде аяз болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Желтоқсанның 1-і күні Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Осыған қарай елдің басым бөлігінде аяз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, тек республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және оңтүстік-шығысында ғана атомосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, кей жерлерге қалың қар түсіп, жел, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Сондай-ақ тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының бірқатар аумақтарында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқып, түнде екпіні 23 м/с-қа жетеді. Кей жерлерге тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 25 м/с болады, кей жерлерде жаяу бұрқасын болады деген болжам бар.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с болады. Кей жерлерге тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Түркістан, таңертең және күндіз Ақмола облысының бірқатар аймақтарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Тұман түсіп, жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, тұман түседі, жаяу бұрқасын болады.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды, жаяу бұрқасын болады.

Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.