Қазақстанның басым бөлігі (орталы тұсы еліміздің оңтүстігінде орналасқан) циклонның ықпалында болады, соған байланысты қар аралас жаңбыр жауады), оңтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр жаңбыр жауады. Тек батыста және солтүстік-батыста күн райы ашық болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, найзағай күтіледі, жел күшейеді, оңтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде бұрқасын соғады.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.