Ауа райы: Шілденің 17 күні республиканың басым бөлігінде күн ашық болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шілденің 17-сі күні республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болады, сол себепті осы күні республиканың басым бөлігінде күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сүйене отырып.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанныңбатысында, оңтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық ағындардың өтуінебайланысты кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақжаууы да ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метржылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Түнде жене таңертең Ақмола, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе,Қостанай, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20м/с жылдамдықпенесіп, екпіні 23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, шаңдыдауыл көтерілуі мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Маңғыстау,Қостанай облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде оте қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстары мен Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды,Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар