Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, еліміздің тек оңтүстік өңірінде ғана, оның өзінде таулы аймақтарда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жауын жауады. Кей жерлерге тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Түнде Жамбыл, күндіз Атырау облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында да жел күшейеді.
Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі ықтимал.
Қызылорда облысында түнде жердің беткі қабатында 1-3 градус үсік жүреді.
Түркістан және Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүсік-шығысында өрт қауіпі сақталады.