Ауа райы: СҚО-да ескерту жарияланды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының құбылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Күндіз 24 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. 24 желтоқсанда кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с-ға жетеді» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бұл күні Петропавл қаласында бұрқасын соғады.

Ескертудің дөп келу ықтималдылығы 90-95 %.