Ауа райы: Солтүстік Қазақстанда ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20 қаңтарда күндіз Солтүстік-Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Петропавл қаласында20 қаңтарда бұрқасын соғады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.