Ауа райы: Солтүстік өңірлерде аптап ыстықтың орнына жаңбыр келеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 13-15 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Мәскеу маңынан келетін циклон және фронтальдыжүйелердің шығыс бағытында жылжуына байланысты жаңбыр жауады, солтүстікте,шығыста және оңтүстік шығыста кей жерлерде қатты нөсер болуы мүмкін, республиканыңбасым бөлігінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал. Еліміздіңсолтүстігінде күндізгі температура 35 градустық ыстықтан кейін 20-25 жылығадейін төмендейді. Тек еліміздің батысында және оңтүстік батысында Каспий теңізіаймағынан келетін антициклонның ықпалымен күн райы ашық болады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар