Ауа райы: Жексенбі еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

18 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, орталығында,шығысы және оңтүстік шығысының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Кей жерлерденайзағай болады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғып, түнде жәнетаңертең еліміздің солтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Шығыс Қазақстаноблысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20м/с күшейеді.

Ақмола жәнеСолтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, түнде жәнетаңертең тұман түседі.

Павлодар облысыныңкей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, жел 18 м/с күшейеді.

Түркістан, Алматы,күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістаноблысының кей жерлеріңде шаңды дауыл соғады. Қарағанды облысының кей жерлеріндекүндіз найзағай жарқылдайды.

Батыс Қазақстан,Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде күндіз қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда,Түркістан, Қарағанды, Жамбыл басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмолаоблыстарының оңтүстік аймақтарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар