Жамбыл облысының кей жерлерінде жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болады.
Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, Жарма ауданында желдің 25 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел күшейеді, жылдамдығы 20-25 м/с болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с соғады, бұрқасын болады.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.